Құмтышқандары тұқымдасы (Gerbillinae) шөл-шөлейтті аймақтарда тіршілік етуге бейімделген 69 түрді біріктіреді. Үстінгі күрек тістері әдетте ұзына бойы сайшалы. Құйрығы – жүндес және ұшында шашағы болады [3]. Егеуқұйрықтар (лат. Rattus) – кеміргіштер отряды қаптесерлер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда үш түрі: сұр егеуқұйрық (R. norvegicus), қара егеуқұйрық (R. rattus) және Түркістан егеуқұйрығы (R. turkestanicus) таралған. Сұр егеуқұйрық республикамыздың батыс және солтүстік аудандарында көбірек кездеседі. Соңғы жылдары басқа облыстарға да тарай бастады. Қара егеуқұйрық тек Каспий теңізі маңында тіршілік етсе, Түркістан егеуқұйрығы Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында таралған. Егеуқұйрық денесінің ұзындығы 15 – 50 см, құйрығы ұзын және ол сақина тәрізді қабыршақпен қапталған. Тұмсығы сүйір, денесін сұр, қоңыр-сұр, қара түсті жүн басқан. Егеуқұйрықтар тауда, өзен-көл маңында, елді мекендерде, егістік төңірегінде кездеседі. Көбінесе, тұрғын үйлер мен қора-жайларда, азық-түлік қоймаларында тұрақты тіршілік етеді. Жыл бойы қоректенеді[2].
ТАЛДЫҚОРҒАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ
Мира Сейтимбетова (Казахстан, Талдыкорган) | Скачать статью