ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН ТАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Умырбек Калымбетов (Караганда, Казахстан) |    Скачать статью

Адам дамуының бұл аспектісінің бұдан бұрынғы екеуінен айырмасы тек қана адамда бар мүмкіндікті ашады, бірақ оларды пайдалануды анықтамайды. Яғни ол таңдаудың өзін емес, тек қана таңдау мүмкіндігін кеңейтетін құрал болып табылады. Тұрмыс деңгейінің мінсіз сипаттамасы адамның мынадай қабілеттіліктерін: жеке табысы; қоғамның топтары арасында табысты бөлу; бұрын жинақталған жеке меншік; жер ресурстары мен кредиттерге қол жеткізу; инфрақұрылым мен қоғамдық тұтыну қорларына қол жеткізу тетігінің өркендеуі (денсаулық сақтау, білім беру, көлік, коммуналдық қызметтер және басқалары); жеке өмір сүру дағдысы; отбасының көлемі мен құрылымы; үй шаруашылығында жасалатын игілік; тұратын жердегі табиғат-климаттық және экологиялық жағдайларды және т.б. дамыту мен іске асыру мүмкіндіктерін айқындайтын толып жатқан факторларды ескеруі керек [1, 4 б].