ҚАЗАҚ АЛТАЙ ЖЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРІК ҒҰРЫПТЫҚ КЕШЕНДЕР

  Айтолкын Хабдылкан (Астана, Қазақстан) |    Скачать статью

Түріктануда бүгіндері, Түрік Елі империясының салт-дәстүрлері, ғұрыптық жосын-жоралғылары жайында бірсыпыра нақты дәлелдер, заттық айғақтар жиналынды. Ал деректер, археологиялық табылымдар, қазіргі түрік халықтарындағы этнографиялық реликт, сарқыншықтарды тарихи-салыстырмалы талдау негізінде жұмыстар жолға қойылуда. Қасиетті Алтай өңірі – ежелгі көшпелі өркениеттің алтын бесігі, өзінің географиялық орналасуындағы тиімділігіне байланысты көне заманнан бері Евразиядағы көптеген көшпелі халықтардың толассыз көші-қон процестерінің тоғысар торабы, алуан түрлі этномәдени байланыстардың қайнаған ортасы.