АНТИКАЛЫҚ ЖАЗБАЛАРДАҒЫ ЕУРАЗИЯ КӨШПЕНДІЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР

  Жомарт Смат (Астана, Қазақстан) |    Скачать статью

Антикалық дәуірге сай тарихи ескерткіштер мен мәліметтерді сараптай отырып, біз ең алдымен Қара теңіздің және Орталық Азия жеріндегі халықтар мен тайпаларды мысалға аламыз. Бұл халықтар мен тайпалар арасында сақ немесе скиф, савромат немесе сармат, алан, массагет, исседон, аримаспа, аргипий сынды тағы басқалар. Бүгінде бұл көшпенділердің орналасу аймағы анықталғанымен, олардың қай тілде сөлегені жайлы бір тектес ой жоқ. Көшпенді тайпалар иран тілдес болып келген [1,122б]. деген мағлұматтарды ескерсек, онда Геродоттың бұл жерде, Қара теңіз жағасындағы Скифтерді негізге алып отыр деген пікір қалыптасады.