ЗЕРГЕРЛІК ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ МҰРАСЫ

  Зылиха Ибадуллаева (Астана, Қазақстан) |    Скачать статью

Қазақ қоғамында ерлерге қарағанда әйелдер сәнді әшекей бұйымдары мен киімнің бағалысын киді. Ол қазақ қыздарының ажары мен сән-салтанатын, сыпайылығы мен инабаттылығын және нәзікиік қасиеттерін де айқындады. Мұның өзі ұлттық болмысымыздағы дәстүрлі этикетке өз әсерін тигізді. Халық түсінігінде «зергерлік дұйымдар мол болған сайын адамды қорғау, желеб-жебеу қасиеттері де мол болады», - деп сенген. Зергерлік әшекей бұйымдары өткеннің көзі, ата-бабаларымыздың асыл мұралары ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ол бұйымдардың бірегейі, әрі қайталанбас туындылары ретінде ХҮІІІ-ХІХ және ХХ ғасырдың басында жасалған зергерлік әшекей бұйымдарын атауға болады.