ОҚЫТУШЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

  А.А. Нургазинова, М.Ж. Сеитбаев (Талдықорған, Қазақстан) |    Скачать статью

Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.