БОЛАШАҚ МАМАН ДАЯРЛАУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ

  Назира Иманбекова (Тараз, Қазақстан) |    Скачать статью

Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман. «Қазақстан 2050» жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда болашақ мамандарға айрықша жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру болып отыр» - дей келе [1,8б.], қолжетімді және сапалы білім беруді дамыту бағытын дәйекті жүргізу басымдықтарын нақтылауды тапсырды.