ОРТАҒАСЫРЛЫҚ САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

  Ұлан Үмітқалиев, Асқар Айтбаев (Астана, Қазақстан) |    Скачать статью

Жайық бойында орналасқан көне Сарайшық шаһары – қазақ тарихында аса маңызды орын алатын ескерткіштердің бірінен саналады. Ол Жайық өзенінің оң жағында, Атырау қаласынан солтүстікке қарай 55км жерде орналасқан. Тарихи деректер бойынша шаһар ХІІІ ғ. ортасында Бату хан тұсында негізі қаланған. Қала арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, Сарайшық шаһары туралы Әл Омари, Казвини еңбектерінде аталады. Қала ХV-ХVІ ғғ. Ноғай Ордасының, Қазақ хандығының астанасы болған. Осы шаһарда Алтын Орданың бірнеше хандары, Ноғай Ордасының билеушілері, қазақ ханы Қасым хан жерленген. Сарайшық қаласы 1570-1580 жж. Жайық казактарының толассыз шабуылдары нәтижесінде қирап, құлдырауға ұшырады.