АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ

  Берікжан Қасымов, Сәуле Нұрқасымова (Казахстан Республикасы, Астана қаласы) |    Download article

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушыларын мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық дайындықты және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын талап етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Осыған орай ақпараттық технологияларды пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.