БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

  Ардақ Аманбаева, Зарина Айдаралиева (Тараз, Қазақстан) |    Download article

Жасанды интеллект (ЖИ) XXI ғасырдағы ең маңызды технологиялық жетістіктердің бірі болып табылады. Оның даму қарқыны әлемнің барлық салаларын, соның ішінде білім беруді түбегейлі өзгертуге алып келді. Бүгінде ЖИ адам қызметін жеңілдетіп қана қоймай, оқыту процесін дербестендіру, автоматтандыру және тиімділігін арттыруға кең мүмкіндіктер береді. Бұл мақалада жасанды интеллекттің білім беру жүйесіндегі орны, негізгі артықшылықтары, қолдану бағыттары және болашақтағы даму перспективалары жан-жақты талқыланады.