ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ БІЛІМДІ ДАРАЛАНДЫРУ: SMART ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

  Замзагуль Аманиязова, Манас Қайыржан, Ермұрат Ибатолла, Ляззат Аманкусова, Х. Досмұхамедов |    Download article

Аннотация. Мақалада XXI ғасырдағы технологиялық трансформация жағдайында жасанды интеллект (ЖИ) жүйелерін білім беру үдерісіне енгізудің маңызы және SMART әдісі арқылы оқытуды тиімді жоспарлау мәселесі қарастырылады. SMART әдісінің оқу мақсаттарын нақты, өлшенетін, қолжетімді, шынайы және мерзімді түрде құруға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ оқыту үдерісін жүйелеу мен мотивацияны арттырудағы рөлі талданады. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің білімді дараландырудағы әлеуеті – оқушылардың оқу тарихын талдау, әлсіз және күшті тұстарын анықтау, бейімделген тапсырмалар ұсыну сияқты мүмкіндіктері ғылыми тұрғыда сипатталады. Әлемдік тәжірибедегі адаптивті оқыту платформаларының (Knewton, Squirrel AI) тиімділігі және Қазақстандағы цифрландыру саясаты аясында білім беру жүйесіне ЖИ технологияларын енгізудің өзектілігі атап өтіледі. SMART әдісі мен ЖИ интеграциясының болашағы, олардың оқыту сапасын арттырудағы, жеке оқу траекторияларын құрудағы және педагогикалық шешімдерді оңтайландырудағы ықпалы негізделеді. Зерттеу нәтижесінде бұл екі технологияны үйлестіру білім беруді дараландырудың тиімді тетігі әрі заманауи педагогиканың стратегиялық бағыты екені тұжырымдалады.