Бүгінгі заман – технология мен инновацияның ғасыры. Ақпараттың молаюы мен сандық жүйелердің дамуы адам өмірінің барлық саласына әсер етті. Соның ішінде ерекше жылдам дамып келе жатқан бағыттың бірі – жасанды интеллект (ЖИ). Жасанды интеллект бүгінде медицинада диагноз қоюдан бастап, өндіріс, көлік, қаржы, білім және өнер саласына дейін енуде. Ол адамға көмектесетін құрал ретінде басталып, бүгінде дербес шешім қабылдай алатын интеллектуалды жүйеге айналып келеді. Алайда осы даму барысында маңызды сұрақ туындайды: жасанды интеллект адаммен бәсекеге түсе ала ма? Әсіресе шығармашылық пен білім саласында бұл мәселе ерекше өзекті. Өйткені адамның ең ерекше қасиеттерінің бірі – оның ойлау, қиялдау және жаңа идея тудыру қабілеті. Осы мақалада біз білім мен шығармашылық тұрғысынан жасанды интеллекттің адаммен қарым-қатынасын, жасанды интеллекттің білім берудегі мүмкіндіктерін, бәсекелестігін қарастырамыз.
БІЛІМ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТПЕН БӘСЕКЕ БАР МА?
Дамира Жалгасова, Динара Бақытжол (Астана, Қазақстан) | Download article
