Ә.КЕКІЛБАЕВ ПЕН Б.НҰРЖЕКЕЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, АНАЛИТИКАЛЫҚ СУРЕТТЕУ

  Асем Турысбекова (Талдықорған, Қазақстан) |    Download article

Ә.Кекілбаев пен Б.Нұржекеевтің романдарында ұлттық сипат арқылы халқымызға тән ұлттық ерекшеліктер саралана талданады. Ұлтымыздың тарихи санасын, дүниетанымы, әдет-ғұрыптарын, кейіпкерлердің ұлттық тілді меңгеруін, дәстүрлерін және этнографиялық сипатты құрайтын ерекшеліктерін көркемдік деңгейге жеткізе бейнелеген. Б.Нұржекеевтің «Ерлі-зайыптылар» романы тікелей «үйлену оңай, үй болу қиын» демекші, отбасының ынтымағы жарасып, сүйкімді де, білімді, өнерлі, еңбекққор, ақылды, халқын, оның көнеден келе жатқан салтын, әдет-ғұрпын, дәстүрін сүйіп, соны бойларына сіңіре отырып, жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеуде ананың орнын қапысыз мүсіндеуге көп тер төккен. Жоғарыда біз романда атқаратын қызметін саралай бастаған Ілескүл, шындығында да, барша қазақ келіншектері мен қыздарына үлгі болатын көп қасиеттерді талбойына жинақтаған аса аяулы бейне, жаны құнарлы келіншек.