СЕГНЕТОЭЛЕКТРИКТЕРДІҢ ПОЛЯРИЗАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН «ВП ФИЗИКА» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ

  А.М. Манасбай (Алматы, Қазақстан) |    Download article

Сегнетоэлектриктер ̶̶ белгілі температуралар аралығында (сегнетоэлектрлік фазаға сәйкес) бағыты сыртқы әсерлер арқылы (электр өрісімен немесе механикалық кернеулермен) өзгертіле алатын спонтанды поляризацияланған кристалл диэлектриктер (соның ішінде сұйық кристаллы). Сегнетоэлектриктерде бір жақты бағытталган спонтанды поляризация аймақтары ̶ сегнетоэлектрлік домендер бар. Сегнетоэлектриктер көп доменді күйден монодоменді күйге өтуі мүмкін. Сегнетоэлектриктердің осы қасиеті ЕЭМ-ның еске сақтау құрылғыларын жасауда пайдаланылады. Көптеген сегнетоэлектриктердің диэлектрлік өтімділігі және пьезоэлектрлік константаларының аномальды жоғары мәндері болады және cегнетоэлектриктердің физикалық қасиеттері температураға тәуелді.