Мақалада жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауына психологтың кәсіби бағыт беруінің маңызы қарастырылады. Мамандықты сәтті таңдау-бұл адам бақытының негізгі компоненттері мен шарттарының бірі, қоғамдағы қажеттілікті түсіну. Айта кету керек, кәсіби өзін-өзі анықтау процесі өте күрделі, оған әртүрлі факторлар әсер етеді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Өмірде тек екі нәрседен қателеспеу керек. Оның бірі жар таңдаудан болса, екіншісі мамандық таңдаудан. Бұлай айтылудың себебі сенің таңдаған мамандығың сенің болашағың. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Алмагуль Кулымбаева, Ләззат Нуркасинова, Асел Сангилбаева (Алматы, Қазақстан) | Download article