ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНҰЛЫ ЖӘНЕ ШӘКӘРІМТАНУ

  Алтынай Тұрсынова, Наргиз Аймұхаметова (Семей, Қазақстан) |    Download article

Адам дүниетанымы кеңістікті танып-білуден басталады. Ал дүниені танып, ой арнасын кеңейту – философияның негізі. Шәкәрім кезінде қарапайым адамдық қатынас пен ар-ұят концепциясынан бастап, философияның да анығын танып, беймәлімді білдіруге әрекет жасады. Батыс пен Шығыс білімін өлеңдерінде тоғыстырып, қоғамға өзгеріс әкелетін ақын ойлары дер кезінде жазылғанымен, кешігіп жетті. Оған себеп, тарихтан белгілі, саяси тосқауылдар екені анық.