БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУ

  М.К.Булакбаева, А.М.Кенжан (Алматы, Казахстан).  |    Download article

Күрделі экономикалық және әлеуметтік-мәдени қайта құруды, жалпыәлемдік кеңістікке енудің белсенді үдерістерін сипаттайтын қазақстандық қоғамның заманауи кезеңі кәсіби іс-әрекеттің барлық салаларындағы мамандарды даярлаудың сапасына талаптарды өзгертумен және арттырумен болды. Соңғы жылдары болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-құндылықтық бағдарларынан еңбекке қатынасы, таным мен білім беруге жалпы адамзаттық рухани құндылықтар ретінде және мамандыққа тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінің негізгі құралы ретінде қатынастарындағы күрделі өзгерістерді байқауға болады. Бұл болашақ мамандардың кәсіби дүниетанымының өзгеріп, гуманистік кәсіби идеалдарының әлсіреуіне, өзіндік жетілуіне алып келеді. Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мамандарды кәсіби даярлаудың сапасын жақсарту жаңа ғасырдағы білім беру саясатының басты міндеті ретінде айқындалып, «білім берудің негізгі міндеті – білімді шоғырландыруда нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұғырға көшу» деп атап көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңдегі жоғары кәсіби білім берудің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзыретті, әлемдік деңгейде тиімді де табысты жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан толық даярланған мамандар дайындау болып отыр.