ҚАЗАҚ ТІЛІН ОРЫС ТОПТАРЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  Амангуль Адильбек, Амина Магзумбекова (Астана, Қазақстан) |    Download article

Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауының құралы, сондықтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін алдымен сөзді, сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі керек. Міне, сондықтан да тілді үйретуде білімгердің сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданылатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады. Екінші тілді оқытуда білім алушының сөзді білуі, сөздік қорының мол болуы оның тілді меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі болып табылады. Білім алушының сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оның ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте өзекті мәселелер, олар қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.