ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУГЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН ДЕҢГЕЙІ

  Әсел Жаманбаева, Назыма Юлдашева (Қазақстан, Тараз) |    Download article

Ұлт Көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаев 2017 жылдың сәуір айының он екінші жұлдызында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық сипаттағы мақаласын жариялаған болатын. Мақала жарияланғаннан кейін қоғамда ең үлкен талқылау болып, еліміз латын әліпбиіне көшуге бейімделуі мәселе туындаған болатын. Ал қазір араға бірнеше жылдар салып, қазақ тілі негізіндегі латын әліпбиіне ерекшеліктер енгізіліп, қолданысқа ене бастады.