Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деген болатын. Жолдаудың жүзеге асуының маңызды факторы – цифрлық технология. Біздің санамызда цифрлық технология ұғымы күнделікті пайдаланылатын компьютер немесе ұялы байланыспен шектеліп қалмауы тиіс. Инновациялық технологияның мүмкіндігі – шексіз[1]. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
МЕХАНИКА ТАРАУЫНДАҒЫ КЕЙБІР ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ
Айгерім Байғалиева, Бағдат Баймбетова, Айман Тасмуханова, Марта Едилбаева (Атырау, Казахстан) | Download article