МУЛЬТИПЛЕКСОРДЫ ELECTRONICS WORKBENCH ПРОГРАММАСЫМЕН ЗЕРТТЕУ

  Нуролла Н., Утегенова А., Жуматаева К., Садыкова Н. (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) |    Download article

Құралдар мен элементтер: сөздер генераторы, логикалық үлгілер, тактілі импульс генераторы, екі позициялы қайта қосқыштар, кернеу көзі +5В, «логикалық бірлік» сигналының көзі, логикалық үлгілер, мультиплексор, микросхема 74138 – дешифратор 3 x 8 . Қысқаша теориялық мәліметтер 1. Мультиплексорлар. Мультиплексор комбинациялық логикалық сұлбасы, бірнеше кіріс сигналдары, бір немесе бірнеше басқару кірістері және бір шығысы бар қондырғы. Қосылатын кіріс нөмері басқару кірістеріндегі логикалық деңгейлердің комбинациясымен анықталатын санға (адреске) тең. Ақпараттық және басқару кірістерінен басқа, мультиплексорлар сұлбаларында шешу кіріс болады, оған белсенді деңгей бергенде мультиплексор белсенді күйге көшеді. Шешу кірісіне пассивті деңгей бергенде мультиплексор пассивті деңгейге көшеді, бұл кезде шығысындағы сигнал ақпараттық және басқару сигналдарының мәніне тәуелсіз тұрақты мәнін сақтайды [1].