ОРТАҚ ТАҚЫРЫП, ӨЗЕКТІ ИДЕЯ

  Меруерт Маралбаева (Қазақстан, Талдықорған қ.) |    Download article

Қай тақырып болмасын, ондағы өмір философиясы, әлеуметтік жай-күй, уақыт ағымымың сарыны, көңіл-күй кірбіңі мен шырайы, табиғат тамашасы, қызығы мол жылдар, адамзат ажары мен адами тәрбие т.с.с. жіктей берсең жүйесі сарқылмас тақырып пен идеяның тізгініне тәуелді лириканың күллісіне тән. Десек те, айтылмақ ой, ашылмақ сыр Жетісулық ақын қыздардың туған жер табиғаты, туған елге деген махаббаты, туған тіл тағдыры тақырыбы. Жетісулық ақындар қатары сонау айтыскер ақын Сүйінбай, Жамылдан басталып, Ілияс, Мұқағали, Жұматай жырларымен дәстүр жалғасын тауып келе жатыр. Соңғы жылдары Жетісулық жас ақын қыздар деген де ұғым қалыптасып келеді.