МӘТІННІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МӘТІН ТҮРЛЕРІ

  Гульназ Джанаева (Казахстан, Талдыкорган) |    Download article

Мәтін табиғаты өте күрделі болғандықтан, мәтін әртүрлі ғылым салаларында, түрлі бағыттарда қарастырылуда. Соған орай мәтінге берілген анықтамалар сан алуан. Қазірде тіл білімінде мәтінге берілген үш жүздей анықтамалар кездеседі. Мәтіннің анықтамаларының көптігін айта келе, М.И. Откупщикова «Сөйлемге берілген анықтама қанша болса, мәтіннің сонша анықтамасы бар» деп көрсетеді.