ТЕСТТЕРДІ ГЕНЕРАЦИЯЛАУ АЛГОРИТМІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ӨҢДЕУ

  Гаухар Сейдалиева, Гульнара Сейдалиева (Алматы, Қазақстан) |    Download article

Мобильді құрылғылардың қосымшаларын(МҚҚ) тестілеудің толық таңдалған критерийлеріне сәйкес, кеңейтілген шекті автомат түріндегі берілген МҚҚ прототипі үшін барлық мүмкін бір күйден басқа бір күйге ауысымдарын қарау қажет. Шекті автоматтарды (ША) графтар түрінде көрсету ыңғайлы екені белгілі. ША - тың графтық көрсетілімінде күй –граф түйіндері, ал күйлердің арасындағы ауысымда графтың бұтақтары. Тестілік жиынтықты генерациялау тапсырмасы, графты айналып өту тапсырмасына әкеліп соғады. Сонымен қатар, ең қысқа жолды таңдап графтың барлық бұталарымен жүріп өту қажет. Осылайша, толық тестілік қамтуды қамтамассыз ететін, тесттілік сценарийлердің минимум жиынтығы жинақталады.