PYTHON БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНІҢ ҚОСЫМША МҮМКІНДІКТЕРІ

  Алтай Шалтабаев, Гульназ Майкина (Талдыкорган, Республика Казахстан) |    Download article

Бүгінгі таңда адам өмірінде компьютерді қолдану күннен-күнге кеңеюде. Компьютердің әмбебаптығы ойын бағдарламаларынан бастап мәліметтер қоймасын басқару жүйесіне дейін, яғни бағдарламалық жабдықтамалардың әр алуандығымен айқындалады. Кез келген міндетті орындау алгоритмнің болуын қажет етеді. Алгоритм негізінде бағдарлама құрылады, яғни есеп шешуінің алгоритмі оны компьютерде орындауға жарамды түрде жазылады. Оның ішіне бағдарламалау тілдері, осы тілдерден аударғыштар, қосалқы бағдарламалардың кітапханалары, бағдарламалардың құрастырушысы кіреді. Бағдарламалау жүйесінің негізін құрайтын – бағдарламалау тілі. Осындай бағдарламалау тілінің бірі - Python тілі болып табылады.