Мобильді құрылғылар үшін қосымша (МҚҚ) тестілеудің толық таңдалған критерийлеріне сәйкес, кеңейтілген шекті автомат түріндегі берілген МҚҚ прототипі үшін барлық мүмкін бір күйден басқа бір күйге ауысымдарын қарау қажет. Шекті автоматтарды (ША) графтар түрінде көрсету ыңғайлы екені белгілі. ША - тың графтық көрсетілімінде күй –граф түйіндері, ал күйлердің арасындағы ауысымда графтың бұтақтары. Тестілік жиынтықты генерациялау тапсырмасы, графты айналып өту тапсырмасына әкеліп соғады. Сонымен қатар, ең қысқа жолды таңдап графтың барлық бұталарымен жүріп өту қажет. Осылайша, толық тестілік қамтуды қамтамассыз ететін, тесттілік сценарийлердің минимум жиынтығы жинақталады.
ТЕСТТЕРДІ ГЕНЕРАЦИЯЛАУ АЛГОРИТМІНІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ МОДЕЛДЕРІН ӨҢДЕУ
Гульнара Сейдалиева, Анара Жукина, Гаухар Сейдалиева (Алматы, Казақстан) | Download article