ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

  Меруерт Пазылбек ( Жезказган, Казахстан) |    Download article

Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы.Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді.Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру,түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда.Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру;екіншісі,оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту;соңғысы,білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған.