БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

  Жансая Досмат (Казахстан г. Жезказган) |    Download article

Ұлыбританияның ғалымдары 1970 және 1980-ы жылдары бірқатар ғылыми зертханалық жоба жұмыстарында бағаны оқытуда қолдану және оның білім алудағы әсері жайлы зерттеген. 1990-ы ж басында Британдық білім саласын зерттеу бірлестігі зерттеушілер мен білім саласындағы басқа мамандар тобын құрып, Кингс колледж университетінің профессорлары Пол Блэк және Дилан Уиллиамды тағайындайды. Оқушылардың білім алуда бағаның әсерін және жетістікке жету құралын анықтау мақсатында зерттеу жұмысы жүргізіледі.