АКТЕРЛІК ІЗДЕНІС ЖОЛЫНДА

  Ұлжан Құрманбай (Қазақстан, Алматы) |    Download article

«Театр өнері – бұл ең алдымен актерлік өнер»[1], – дейді ұлы режиссер В.И.Немирович-Данченко. Расымен де жанымызды тазартып, көңілімізді аулайтын театрдың айнасы – актерлер екені даусыз. Олардың ерлігі өткеніміз бен болашағымыз жайлы қиялымыздағы дүниені көз алдымызға алып келуінде.Демек театртанушы Меруерт Жақсылықова айтқандай: «суреткер сахнада ойнап жүріп, «бейненің бейнесін» жасайды, яғнисөзбен сомдалған автор қиялындағы бейнеге сүйене отырып, көзбен көріп, сезінуге болатындай етіп, бейнеге жан бітіреді.» [2] Актер – екінің біріне бұйыра бермейтін ерекше талант иесі. Театрда драматургтен бастап, суретшіге дейін қызмет етсе, сол өнерпаздардың барлығының еңбегін көрсететін – актер. Қойылымның сәтті шығуы мен көрермен залының лық толы болуы актерге байланысты.