Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» мәселесін атап көрсеткен болатын [2].
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Лаура Махмутова, Аида Космагулова Сабыр Кариев, Қалия Кариева, (Астана, Казахстан) | Download article