ОҚЫТУДЫ ИНТЕРАКТИВТІ ЖҮЙЕЛЕР АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

  Айгуль Алдабергенова, Айгерим Мухамедиева (Талдықорған, Қазақстан) |    Download article

ХХ ғасырдың соңынан бастау алған жаһандық ғылыми революция ғылымға да, қоғамға да, өнеркәсіп пен өндіріске де орасан зор өзгерістерге әкелді. Ғылымның әлеуметтік өмірге енуі, адам өмірінің барлық саласын компьютерлендіру, электрлендіру, ақпараттандыру процестерінің қамтуы, қоғамда интеллектуалды-гуманистік қайта құрулардың орын алуы білім беру саласына да радикалды түрлендірулер енгізуді талап етті [1, 98]. Баршамыз ХХІ ғасырдың Біріккен ұлттар ұйымы шешімімен ақпараттандыру ғасыры деп жарияланғандығынан хабардармыз. Қоғамның әрбір саласын ақпараттандыру, автоматтандыру, жаңа технологиялармен қамтамасыз ету – заман талабы. Ендеше жаңа ақпараттық технологиялардың еліміздің экономика, саясат, білім беру, мәдениет салаларына енуі мемлекетіміздің әлемдік талаптарға сай ілгері ұмтылуының құралы және асқақтай түсуінің кепілі. Ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен оның дамуы телекоммуникация, Интернет желісі, спутниктік жүйелер, тікелей сандық теле және радио хабар тарату, шұғыл түрдегі корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация сынды заманауй технологияларсыз мүмкін емес. Ал қазіргі және келешектегі қоғамның негізін қалау, өркениетке бастау білімді де білікті жас мамандардың қолында. Мұны елбасымыз да талай рет атап өткен болатын.