АСТАНАНЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ОРДАСЫНА АЙНАЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: ҒАЛЫМ-КАДРЛАР ӘЛЕУЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

  А.Ә. Сағындықова, Қ.Ә. Рахымжан (Шымкент, Қазақстан) |    Download article

Еліміздің жаңа интеллектуалдық әлеуетін толықтырудың қайнар бұлағы уақыт талабына сай ғылыми кадрлар дайындау әрі олардың біліктілігін арттыру болып табылады. Жоғары мектептер мен ғылыми мекемелердегі ғылыми-педагогикалық интеллигенция өкілдері аса маңызды әлеуметтік міндетті орындап, жастарға іргелі ғылыми білім мен кәсіби мамандық береді, дүниеге көзқарастарын қалыптастырады, елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуына шешуші ықпал ете алатын білікті мамандар дайындайды. Олай болса, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресіне айтарлықтай үлес қосатын білікті ғылыми кадрлардың өсіп шыңдалуы және олардың кәсіби шеберлігінің артуы мәселелері жоғары мектептер мен ғылыми кадрлардың өсіп шығуы және олардың кәсіби шеберлігінің артуы мәселелері жоғары мектептер мен ғылыми мекемелердегі кадр саясаттың негізі болып табылады.