НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДЫҢ ТОЗУЫН ЖӘНЕ АМОРТИЗАЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ

  Лаура Байтуова, Динара Габдуллина, Бибарс Мыктыбаев (Астана, Қазақстан)  |    Download article

Негізгі құрал өндіріс процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық). Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен пайда болады.