ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ТАУ КЕН ІСІ: СИПАТЫ, ДАМУ БАРЫСЫ (ХІХ –ХХ Ғ. БАСЫ)

  Айнагул Еспенбетова (Ақтөбе, Қазақстан) |    Download article

XIX ғасырдың ортасына қарай Еуропалық мемлекеттердегі дамыған капиталистік қатынас Ресейге де жетті. Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуы 1861 ж. басыбайлы құқықты жойғаннан кейін кеңінен етек алды. Ал бұл кезең, Қазақстанға Ресей отаршылдығының күшейген тұсы болатын. Қазақстанды шикізат көзі ретінде, сондай-ақ Орта Азияға өтетін маңызды транзиттік аймаққа айналдыру мақсатын көздеген Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді.