МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРУДІҢ МӘНІ

  Меруерт Утегенова (Павлодар, Казахстан)  |    Download article

Заманауи ағымына орай бүгінгі жастарымыздың қоғам сұранымына сәйкес ширақ, жинақы, қабылдау қабілеті жоғары болуы оның мектепке дейінгі тәрбиесіне байланысты. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері, мектепке дейінгі жастың психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда ғана ең жоғары нәтижеге жетуге болады. Әр кезеңдегі жас ерекшеліктерін ескермей балаларды дұрыс тәрбиелеу мүмкін емес.