Әзіл-қалжың қарым-қатынастары мен қашқақтау қарым-қатынастарының функционалдық байланысына зерттеу назарын алғаш жұмылдырған А.Р. Рэдклифф-Браун болатын (Рэдклифф-Браун, 1940). «Қашқақтау» (немесе «жалтару») ұғымы арнайы этнографиялық термин болып табылады және бізге қолжетімді түсіндірме сөздіктерде ол жайлы айтылмаған. Этнографиялық термин ретінде «Әлем халықтары мен діндері» энциклопедиясында О.Ю. Артемова «Қашқақтауға» келесідегідей анықтама береді: «Қашқақтау (ағылш. avoidance) – нақты санаттардағы туыстар мен жекжаттардың арасында байланыстарға шектеу қоятын немесе тыйым салатын норма» (1998: 885-886). Бұл мағынада осы термин дәстүрлі қоғамдардағы нысандандырылған қашқақтаулар туралы айтылған кезде қолданылатын болады.
ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ҚАШҚАҚТАУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
Мұхамедғали Қалдыбеков (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті) | Download article