ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ

  Молдир Мусапарбекова, Айжан Токкулиева (Астана, Казахстан) |    Download article

Қазіргі заманда білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ақпараттық білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.