МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР

  Айгуль Искакова, Айгерім Игисинова (Астана, Қазақстан) |    Download article

Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттарды және бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын жасау және ендіру жолымен реформалауға байланысты тұңғыш рет отандық бухгалтерия тарихында “материалдық емес активтер” ұғымы пайда болды. Ол материалдық-заттай нысаны жоқ объектілерді айқындау үшін арналған. Материалдық емес активтерді жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық пайдаға олардың тікелей қатысы болса анықтауға және тануға болады. Кәсіпорын материалдық емес активтерді бақылай алатын болса, онда оның экономикалық табыс әкелу мүмкіндігі ашылады. Материалдық емес активтер – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімде кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың материалдық-заттық мазмұны жоқ, бірақ құны болады, құжаттармен қуатталады, табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды, ұзақ мерзімді кезеңде пайдаланады, мүліктен шығаруға жарамды болады.