ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ПРАКТИКУМ ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  Айгуль Алдабергенова, Асель Баева, Аяулым Мәнібекова (Қазақстан, Талдықорған) |    Download article

Қазіргі заманғы қоғамда білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыты болып білімнің әртүрлі саласында адамды жан-жақты өзіндік мақсаттық қызметке тарту негізінде зияткерлікті дамыту болып табылады. Бұл бағыт алдыңғы қатарлы, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция сияқты елдердің білім беру жүйелерінің реформалары барысында негізгі бағыт болып табылады. Мұнда реформалау процесі екі тапсырманы шешуге бағытталған: білім беру процесінде өз бетімен белсенділік принципін дамыту және танымды дамыту, ақпараттық-білім беру құралдарын құру арқылы білім беру процесіне жаңа ақпараттық технология құралдарын интеграциялау.