М.ҚАШҚАРИ СӨЗДІГІНДЕГІ МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕРДІҢ ТІЛДІК- ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

  Индира Исмурзина (Қазақстан, Ақтөбе) |    Download article

Ұлы ғұлама, түркі әлеміне ортақ тұлға Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі бүгінге дейін өзінің құндылығы мен сапасын жоғалтпаған,тарихи жаңаруларға байланысты ғалымдардың назарын өзіне ерекше аударып отырған еңбек екенін атап өтуге тиіспіз.  Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндебай тілдік материалдармен қатар түркі халықтарының тарихы, географиясы, этнографиясы, көне фольклоры туралы мол мәлімет беріліп,түркі халықтарының сол кездегі қоныс- жайлары, этностық сипатынанмәлімет беретін мол, әрі құнды материалдар көзі қамтылған.Сондықтан «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндетүркі тілінің сөз қолданысы, дыбыстық, семантикалық, грамматикалық сипаттары, олардың өзара мағыналық және тұлғалық ұқсастықтары, өзгешеліктері жан-жақты ғылыми тұрғыда талданып жазылғандықтан аталған еңбекті түркілердің алғашқы энциклопедиясы деп те атайды.