ҚАЗАҚ ЭПОСТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ, ТАБИҒАТТЫ СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ

  Ерден Қалдыбеков (Астана, Қазақстан) |    Download article

Көшпелі елдің барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, байлық бойынша тербеліп көшіп-қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені орнықтырған. Мұндай жүйе барша өмір салтты, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық және рухани мәдениеттің төлтума қасиетін, салт-дәстүр мен талғам-танымды т.б. реттеп әрі өміршең етіп отырады.