Шоқан Уәлиханов сынды өмірде болған тарихи тұлғаның көркем бейнесін сомдау қаламгер үшін үлкен табандылықты талап еткен еңбегінің нәтижесі болды. Романда Шоқанның ата - тегі, ол кездегі саяси әлеуметтік тарихи жағдай, ел тұрмысы, белгілі тарихи тұлғалардың ел билеу ісіндегі жүргізген саясаттары, қарапайым адамдар арасындағы қарым – қатынас, яғни Шоқанның өсіп – өнген ортасы жан-жақты қамтыла отырып суреттелген. «С.Мұқанов баяндауының бір ерекшелігі тарихшылардай дерек, құжат қуып кетпей, Шоқанның арғы-бергі аталары тұсында жасаған қазақтың атақты, кейде жергілікті аумақта ғана даңқы шыққан ақын, жырауларды әңгіме арқауына тартып, ұлттық рухани дүниесінен хабар беріп отыруы».
С.МҰҚАНОВТЫҢ «АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ» РОМАНЫНДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Замира Бакирова (Талдыкорган, Казахстан) | Download article