ИНФОКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ КЕЙБІР ТҰТАСТЫҚ ЖӘНЕ КОНФИДЕНЦИАЛДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

  Нұрсәуле Жиеналиева, Манат Иманқұл (Астана, Қазақстан) |    Download article

Global Web компаниясының 2015 жылдың басына қарай ұсынылған мәліметтері бойынша әлемде Интернет пайдаланушылардың 29% немесе 415 млн желіні жасырын түрде пайдалануды көздейді. Ол үшін олар түрлі VPN-серверлерін және прокси-серверлерді қолданады. VPN (Virtual Private Network, виртуалды жекеменшік желі) қолданысының тағы бір себебі рұқсат етілмеген контентке қолжетімділік болып табылады.[1, с. 6.] Интернет желісінде ақпаратты қорғау мәселесі TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internetworking Protocol) хаттамаларының жиынтығы негізінде құралған, желілер пайда болған уақыттан бастап қарастырылып жатыр. TCP/IP – желіаралық хаттама және жіберілімді басқару хаттамасы, қазіргі кезде Интернет хаттамасының жиыны TCP/IP деген бір есіммен аталады.