ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯНЫҢ ПЕДАГОГИКА ӘДІСНАМАСЫ РЕТІНДЕГІ БАСТАУ ТАРИХЫ

  Орынгул Абилова, Баршагул Стамғалиева (Атырау, Қазақстан) |    Download article

Педагогикалық антропология жаңа ғасырда жаңа тұжырымдармен қалыптасып және дамып келе жатқан ғылымның жаңа саласы, әрі педагогиканың әдіснамасы ретінде қарастырылады. Педагогиканы антропологизациялау идеясы Я.А. Коменский еңбектерінен бастап көрініс тапты. Педагогикада антропологиялық көзқарастарды К.Д. Ушинский, педологиялық бағыттағы педагогтар: А.Ф. Чемберлен, С. Холл, Д.М. Болдуин, В.М. Бехтерев, П.П. Блонский, Л.С. Выготский, М.Я. Басов, А.П. Пинкевич және басқалары белсенді ұсына бастады. Осы идеяны жетілдіруге Р. Штайнер, М. Монтессори, С И . Гессен т.б. үлес қосты.