ТЕРІ ШИКІЗАТЫН ТЕРМИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ ЖЫЛУ ЖӘНЕ МАССА ТАСЫМАЛДАУДЫ ЭКОЛОГИЗАЦИЯЛАУ

  Гүлзат Ораз, Майра Туралина, Нургуль Кадралиева (Тараз, Казахстан) |    Download article

Құрғату –ең кең таралған, күрделі, маңызды және энергосыйымды процестердің бірі. Барлық өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығында он мыңдаған әр түрлі өнімдер құрғатудан өтеді. А. В. Лыковтың құрғату туралы теориясы іргелі жұмыстары құрғату кезіндегі күрделі және өзара байланысқан процестердің түсінігін айтарлықтай дамытты және жылу-масса алмасу процестерін қарқындатудың жаңа әдістерін өңдеуге негіз болды [1-3]. Құрғатуды теория мен тәжірибеде, сонымен бірге дисперция материалдарды термиялық өңдеуді ары қарай дамыту Романкова П.Г., Сажина Б.С., Куцакова В.Е., Баскакова А.П.-ң жұмыстары арналған. [4-7] Қазақстанда капиллярлық-кеуекті терілерді термиялық өңдеу химия өнеркәсібінде, металлургия және тамақ өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылады. Органикалық және органикалық емес капилярлық-кеуекті теріні барабанды құрғатуда термиялық өңдеумен А.В., Альпеисов Куатбеков М.К., Балабеков О.С., Алтухов Е.А. шұғылданған. [8-10]