ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ

  Н.Ж. Жанатбекова, С.С Қабдрахым (Талдықорған қ., Қазақстан) |    Download article

Заманауи ғылымның күн санап қарқынды дамуы оқыту жүйесінде қолданылатын талаптарға жаңаша көзқарас пен білім беру үдерісін үнемі толықтыруды талап етеді. Информатика пәнін оқытуда оқушылармен жұмыс істеуде кездесетін басты мәселелердің бірі бастауыш сыныпта ойындық оқыту түрін басым қолдана отырып білім алған оқушылар біртіндеп ғылыми білім алу түріне көшетінінде болып табылады. Ойындық әрекеттен оқыту әрекетіне жайлап көшудің бірден-бір жолы дидактикалық ойындарды оқытуда пайдалану[2, 45 б].