Биология сабақтары арқылы жеке тұлғаны отансүйгіштікке тәрбиелеу

  Гулжанат Максутбекова (Жезқазған, Қазақстан) |    Download article

Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдениет құндылықтарын сақтай отырып әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс. Елбасымыздың «Қазақстан - 2050» «Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, XI ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» - деп атап көрсетілген. Ол үшін бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуіміз керек.