АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТУШІ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР МЕН ҮРДІСТЕР

  Айгерим Айткулова (Астана, Қазақстан) |    Download article

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде қазақтың ұсақ шоқысы мен Теңіз жазығы шегінде орналасқан. Облыс негізі 1939 жылы қаланған. Облыс аумағы 146,2 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Өңірдің жер бедері бір текті емес: ұсақ шоқылы, аласа таулы, аз тілімделген аңғарлар мен жазықтардан тұрады. Жер бедерінің мұндай көрінісі геологиялық құрылысы мен геологиялық тарихқа да байланысты. Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау таулары алып жатыр. Қыраттардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Оңтүстікке бағытталған сайын қыраттар аңғарлар мен жыралы сайға ауысады.