ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНЕ БАҒА БЕРУ

  Айша Адилханова (Астана,Казахстан) |    Download article

Қазақстан әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде алдынғы орындарды алады және үлкен аумақтық артықшылыққа ие бола отырып осы аймақты өркениетті және қолайлы әлемнің беделді және тәуелсіз аймағына айналдыруда маңызды рөл атқаруы, ірі ТҰК келіс сөздерде делдал, қозғаушы күш ретінде, Орталық Азияның барлық аймақтарын дамытуда дүниежүзі инвесторларының қызығушылықтарының орталығы ретінде шығуы мүмкін [1]. Инвестициялық климат – көпжоспарлы, өте күрделі түсінік. Қазақстан басшылығы аймақтардың экономикасына инвестиция салу, аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру, дағдарыстық құбылыстарды және жекеленген аймақтардың экономикалық дамуының артта қалушылығын жену сияқты бағыттарға үлкен көңіл бөледі. Сондықтан Қазақстан ТМД-дағы салыстырмалы инвестициялық тартымды мемлекет болып саналады. «Euromoney» журналының бағалауы бойынша, инвестициялық тартымдылығының деңгейі бойынша Қазақстан дүниежүзінде 81-ші орында тұр. Тартылған шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орын, Балтық және Шығыс Еуропа елдерінің арасында үшінші орын алды [2].