Қазақ халқы өзінің тарихында басынан небір қилы заманды өткізген. Көшпелі қазақ өркениетінің бай рухани және құқықтық қазынасын зерттеу болашаққа болжау жасау. Көшпелілердің әдет заңдары қоғамдық дамудың ұзақ процесінде қалыптасты, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты.[1] Көшпелілір қоғамы бытыраңқы әрі өзгерістерге толы болғандықтан адамдар құқығын тану, ру мүддесін қорғау қажеттігінен әрекет нормалары туындады. Осы әрекет нормалары қоғам дамуы, қатынастар қалыптасуы барысында әдет заңдарына айналды. Орта Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі ұлыстары өздерінің әдет заңдарын біртіндеп өмірге алып келді. Әдет-ғұрып нормалары қоғамдардың орнығуына, экономиканық қуат алуына, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
АЛҒАШҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕНШІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Нургуль Кадралиева, Дамира Құрманбаева, Гульзат Ораз (Қазақстан,Тараз) | Download article